Білім -болашақтың кілті

Жаңа Конституцияны қолдайтын себебім – онда білім беру саласына, жалпы адам капиталының дамуына басымдық берілуі. Қоғамның өркендеуі ең алдымен сапалы білім мен саналы ұрпақтың қалыптасуына байланысты. Құжатта осы бағыттағы негізгі қағидалар нақтыланып, білім саласын қолдаудың заманауи тәсілдері айқындалған.

Азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту арқылы мемлекет әр адамның өзін-өзі дамытуына жол ашады. Бұл – жастардың өз әлеуетін толық іске асыруына, отбасы мен қоғамның әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа Конституцияны елдің жарқын болашағына бағытталған маңызды қадам ретінде қабылдаймын.

 

Бибинұр Иманалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT