Бүгінгі тазалық -ертеңгі аманат

«Таза Қазақстан» бастамасы – ел болашағы үшін аса маңызды игі іс. Ауылымыздың тазалығы мен көркеюі әр тұрғынның жауапкершілігі деп білемін. Таза көше, жинақы аула, күтімді қоршаған орта – мәдениеттіліктің белгісі. Осындай шаралар арқылы ауыл тұрғындары бірігіп сенбілікке шығып, көшелерді тазалап, ағаш отырғызып, туған жерге деген жанашырлығын көрсетіп келеді.

Тазалық – денсаулық кепілі. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстау тек бір күндік жұмыс емес, ол күнделікті әдетке айналуы керек. Әсіресе жастарға үлгі көрсетіп, табиғатты аялауға тәрбиелеу маңызды. «Таза Қазақстан» акциясы ауылымыздың ажарын ашып қана қоймай, тұрғындардың бірлігін нығайтып, ортақ іске жұмылдырады. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, еліміз әрдайым таза, көркем әрі жайлы мекенге айнала берсін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT