Менің ойымша жаңа Конституция – бұл мемлекеттің болашағына бағытталған маңызды құжат. Оның басты мақсаты – ең алдымен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Себебі кез келген мемлекеттің негізгі байлығы – халық. Адамның құқығы қорғалған, пікірі ескерілген қоғамда әділдік пен сенім қалыптасады.
Жаңа Конституцияда заң үстемдігіне, әділ сот жүйесіне, халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндігіне ерекше мән беріледі. Бұл – елдің демократиялық бағытта дамуына үлкен қадам. Әр азаматтың теңдігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілсе, қоғамда тұрақтылық орнайды.
Сонымен қатар, Конституция елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуына негіз болады. Заңның айқын әрі нақты болуы инвестиция тартуға, кәсіпкерлікті дамытуға, білім мен ғылымды қолдауға жол ашады. Бұл өз кезегінде мемлекеттің өркендеуіне ықпал етеді.
Қорытындылай келе, Жаңа Конституция – тек заңдар жинағы емес, ол – халықтың мүддесін көздейтін, елдің болашағын айқындайтын стратегиялық құжат. Оның басты құндылығы – адам және оның құқықтары. Адамға жағдай жасалған жерде, ел де дамиды.
М. Алмашева
Аудан тұрғыны



