Белсенділік -болашақ кепілі

Меніңше, референдум – халықтың үнін еститін мемлекет қалыптастыру жолындағы маңызды құрал. Әр азаматтың дауысы тең саналатын формат әділдік қағидатына сай келеді. 

Бұл бастама адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдырады. Қоғам белсенді болған сайын мемлекет те мықты болады. Мұндай саяси науқандар селқостықты жойып, жауапкершілікті арттырады. Біз тек өз мүддемізді емес, елдің болашағын ойлауымыз керек. Ашық талқылаулар азаматтардың көзқарасын кеңейтеді. Сонымен бірге әртүрлі пікірлердің болуы демократияның белгісі екенін түсінеміз. Референдум – бір күндік шара емес, ол ұзақ мерзімді бағытты айқындайды. Сондықтан әр адамның таңдауы маңызды. Мен барша тұрғындарды белсенділік танытуға шақырар едім.

Ж. Мурзина
Ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT