БАРШАҒА ОРТАҚ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқорлық – күрделі қоғамдық құбылыс. Ол азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендетіп, заң үстемдігі қағидатына нұқсан келтіреді. 

Оның алдын алу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағытта заң талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын ұстануы, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету маңызды рөл атқарады.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а ­сында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін цифрлан­д ы р у , а ш ы қ т ы қ т ы а р т т ы р у және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.

Әрбір азамат пара беру мен пара алуға жол бермеуі, заңсыз әрекеттерге бейжай қарамауы және өз құқықтары мен міндеттерін білуі қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет отбасында, білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында қалыптасуы тиіс.

Қоғамда адалдық, әділдік және заңға құрмет қағидаттары берік орныққан жағдайда ғана сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға болады. Сондықтан жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігі.

 

Аудандық санитариялық- эпидемиологиялық

бақылау басқармасы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT