Баланы шектен тыс өбектеу әлсіз адамдарды көбейтеді

Суицид – әлем жұртшылығы үшін ең өзекті әлеуметтік және психологиялық мәселенің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметіне сенсек, кейінгі жылдары елімізде өз-өзіне қол жұмсаушылардың саны өсіп келе жатқаны алаңдатады. Әсіресе әскери қызметкерлер мен сарбаздар арасындағы суицид пен ер-азаматтардың менталдық саулығы қашан да өзекті сипатқа ие.

 

Өз тәжірибемде жылдар бойы эмоционалдық проблемалардан зардап шегіп жүрсе де бі­лікті маманнан көмек сұрауды кейінге шегере беретін жандарды жиі кездестіремін. Не­ге бұ­лай болып жатыр? Бі­рін­ші фактор – қорқы­ныш. Көп адам психологке немесе психиатрға жүгінгенде оларды «әл­сіз» немесе елдің жүй­кесі жұқарған деп қабыл­дауынан қорқады. Біз­дің қоғам әлі де болса пси­хи­ка­лық кінәратта­ры бар адамдарды алалау, кем­сіту, оқшаулау, қуда­лаудан арылмаған. Яғни адамдар психо­лог­ке барған­нан кейін әлеу­меттік оқшаулануға ұшыраудан қорқатындықтан, ба­сын­дағы қиын­дықтарын жасырып жүре бергенді жөн көреді. Екінші тосқауыл – мамандарға сенбейді. «Мені ешкім түсінбейді», «Олар менде бәрі дұрыс деп ойлайды, ал бұл дұ­рыс емес» деген сынды ойлар жарақат алған немесе ұзақ уақыт бойы жағымсыз эмоциялар жинаған адамдарда жиі кездеседі. Оларға бұл мәселе күрделі, шешілмейтін сияқты көрінеді. Нәтижесінде, психологтің көмегіне зәру адам жақындарынан сөз естіп, қоғамнан шеттеп, арнайы маманның қабылдауы­на жазылудан қорқады. Үшінші фактор – өз бетінше күресуге талпынады. Көбі маманға жүгінуді жеңілу, әлсіздіктің бел­гісі деп санайды. Мұндай пациенттер өздігінен қиын кезеңдерді еңсере алаты­нына, уақыт өте келе «бәрі жақсаратыны­на» сенеді. Бірақ, өкінішке қарай, мәселе, дерт өздігінен жойылмайды. Тағы бір себеп – өз сезімдерінен ұялу. Адамдар менталды саулығында кінәрат бар екенін мойын­дауға қорқады. Тіпті, көмекке мұқтаж еке­нін айтуға ұялады. Бұл тәрбие­мен, мәдениетпен немесе «бәрі дұрыс болуы керек» деген сеніммен байланыс­ты болғандықтан, маманның қабылдауы­на барып, ашылудан арлануы мүм­кін. Тіпті қайда жүгінетіндерін білмей­тін пациенттер де бар. Психологиялық тұрғыдағы көмекті насихаттау, ақпарат әлі де жеткіліксіз.

Ересектерге қарағанда балалар мен жасөспірімдер қиын эмоционалды, пси­хикалық проблемаларды басынан ауыр өткереді. Біз осыны көп елей бермейміз. Балалар мен жасөспірімдердің жүйке жүйесі ересектермен салыстырғанда басқа, симптомдары білінбеуі мүмкін.

Бірде менің қабылдауыма тұйық, оқуға ынтасы жоқ, достарымен байланысын доғарған он жасар бала келді. Бұған дейін көңілді, белсенді ұлдың өзгергеніне ата-анасының жүзінен алаңдаушылық байқалады. Баламен жұмыс барысында мектептегі қиындықтар мен сыныптас­тар арасындағы түсініспеушілік оның психикалық саулығына кері әсер еткені анықталды. Балалар көбінесе эмоцияларын сөзбен жеткізе алмайды. Олардың мінез-құлқындағы теріс өзгерістер тек оқшаулану, агрессия, реніш, қарым-қатынастан бас тарту түрінде көрінеді. Екіншіден, көбінесе жасөспірімдерде дегбірсіздік, тағатсыздану деңгейі жоғары болады. Оқуда, спортта жетістікке жеткен он алты жастағы жігіт кенеттен әлеу­меттік ортадан алшақтай бастайды, сырттан шабуылдар мен сәтсіздік қорқынышын сезінеді. Сондай-ақ ата-аналар арасында баласының аутизм спектрі немесе зейін тапшылығының гиперактивтілігінің бұзылуынан зардап шегетінін байқамайтын жағдайлар бар. Байқалмаған, дер кезінде анықталма­ған, емделмеген психикалық ауытқулар қоғамның әлсіз мүшелерінің санын арттыратындықтан, маманға қаралып, ерте емделгені абзал.

Балалар мен жасөспірімдердегі пси­хикалық ауытқудың өзіндік ерекшелі­гін ерте бастан білген дұрыс. Олар тұйық­талып, оқшауланып, тіпті озбырлық танытады немесе керісінше тым көңілді, яғни көңіл-күйі құбылмалы болуы мүмкін. Ата-аналар мен мұғалімдер баланың бо­йындағы мұндай өзгерістерге «өтпелі кезең» немесе «сүйекпен сіңген мінез» деп мұқият болғаны абзал. Дер кезінде емделмеген психикалық ауыт­қулар уақыт өте келе психикалық сау­лыққа, баланың тұлға ретінде жетіліп, дамуына қауіп төндіреді.

Сапар РАХМЕНШЕЕВ

Алматы Психикалық денсаулық орталығының

 директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT