Баланың қауіпсіздігі – баршаның жауапкершілігі

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңызбен жолда, аулада, су айдындары маңында және табиғат аясында өзін қауіпсіз ұстау қағидалары туралы сөйлесіңіздер. Бұл ережелерді үнемі естеріне салып отырыңыздар.

Балаларға жолда аса мұқият болу қажеттігін түсіндіріңіздер. Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелімен және қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өту қажет. Ал өткелден өтпес бұрын міндетті түрде велосипедтен немесе самокаттан түсу керек.

Велосипед, самокат немесе ролик тепкен кезде балалардың қорғаныш құралдарын пайдалануын қамтамасыз етіңіздер.

Үйдегі қауіпсіздік мәселесіне де ерекше назар аударыңыздар. Терезелерді қорғаныш құрылғыларынсыз ашық қалдырмаңыздар, баланың құлап кетуіне әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеңіздер, сондай-ақ қауіпті заттар мен химиялық заттардың қауіпсіз орындарда сақталуын қамтамасыз етіңіздер.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, олардың қай жерде жүргенін бақылауда ұстағандарыңыз абзал. Әсіресе, кешкі уақытта балалардың ересектердің қарауынсыз сыртта жүруіне жол бермеңіздер.

Осы қарапайым ережелер баланың ең қымбат байлығы - өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT