Индер ауданы полиция бөлімі ескертеді!
Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамаңыздар! Балкон мен терезеден құлаудың алдын алыңыз!Балаларды балконға және терезе маңына қараусыз қалдырмаңыздар;
Терезелерді мықтап бекітіп, қауіпсіздік құралдарын пайдаланыңыздар;
Терезе алдына орындық, үстел және басқа да жиһаздарды қоймаңыздар.
Су айдындарында сақ болыңыздар!
Балаларды су жағасында жалғыз қалдырмаңыздар;
Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға жол бермеңіздер;
Құтқару кеудешесін қолданыңыздар;
Су айдынында баланың қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстаңыздар.
Бір сәттік немқұрайлылық — орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін!
Қауіп төнген жағдайда: 102
Индер ауданы полиция бөлімі



