Индер ауданы көлемінде республикалық «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.
Жол-қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейін арттыру мақсатында жасөспірімдерді тасымалдайтын автобустар тексеріліп автокөлік жүргізушісіне және жолаушы жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргілді.
Құрметті ата-аналар балаларыңыздың денсаулығымен өмірін сақтау мақсатында, электронды самакаттармен велосипедтерді сатып алып бермеуге және басқаруға беруден бас тартуларыңызды сұраймыз!
Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудан көлемінде орналасқан Жайық өзенінің жағалауында профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында тұрғындармен және жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді. Әсіресе, балалардың ересектердің қарауынсыз су айдындарына жақындауына жол бермеу, белгіленбеген орындарда шомылмау және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау мәселелеріне назар аударылды
А.Измухнова



