Балалардың қауіпсіздігі – басты міндет

Баланың қауіпсіздігі – қоғамның ғана емес, ең алдымен ата-ана мен заңды өкілдердің жауапкершілігін талап ететін маңызды мәселе. Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығын қорғау Қазақстан заңнамасында ерекше орын алады.

Ата-ана баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапты. Баланы қараусыз қалдырмау, жолда жүру ережесін сақтауын қадағалау, интернеттегі қауіптен қорғау – күнделікті назарды қажет ететін міндеттер. Әсіресе жазғы демалыс кезінде балалардың су айдындарына, жол бойына және басқа да қауіпті орындарға бақылаусыз бармауына мән берген жөн.

Заң талаптарын білу ғана жеткіліксіз, оны іс жүзінде орындау маңызды. Баланың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.

Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Әрбір ата-ана баланың өмірі мен денсаулығын қорғауды басты міндеті деп қабылдауы тиіс.

А.Измуханова

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT