«Бала қауіпсіздігі – отбасы мен қоғамның ортақ міндеті»

Атырау облысы, Индер ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектептің қатысуымен аудандық деңгейде жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді
📢 «Бала қауіпсіздігі – отбасы мен қоғамның ортақ міндеті»
2026 жылғы 16 сәуір күні аудан орталығындағы білім беру ұйымдарының бірінде оқу жылының аяқталуына орай ата-аналарға арналған кеңейтілген жиналыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың жауапкершілігін күшейту.
Жиналысқа жергілікті атқарушы орган өкілдері, құқық қорғау қызметкерлері, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау саласының мамандары қатысып, бала қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
Спикерлер:
Аудан прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ишманов Нариман Олжабайұлы.
Индер ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Кубашев Арман Хайруллаұлы.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Сақыпкереев Парасат Боранбайұлы
"5 минуттық қүндылық: қауіпсіз қоғам негізі" жобасы бойынша:
 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжалиев Қайырбек Жеңісұлы;
М. Әуезов атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары- Сайлаукенова Диана Канатовна;
С. Сейфуллин атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары-Каражанова Асемгуль Танкибаевна;
"Көктем" қазақ орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Карабалина Нургуль Женисовна.
 Индер ауданы білім бөлімінің басшысы Дилмукашева Орынша Матаевна
 Жиналыс барысында келесі бағыттар қамтылды:
 Жазғы кезеңдегі қауіпсіздік
• Су айдындарында сақтық шараларын сақтау
• Терезеден құлау жағдайларының алдын алу
• Жол-көлік оқиғаларының алдын алу (мопед, скутер мәселесі)
• Кешкі уақытта балалардың бақылаусыз жүруін шектеу
• Бала еңбегіне қатысты заң талаптарын сақтау
 Құқықбұзушылықтың алдын алу
• Жасөспірімдер арасындағы тәртіп мәселелері
• Балалардың құқықтарын қорғау
• Демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік
• Интернеттегі қауіпсіздік мәдениеті
 Тәрбие және білім беру бағыттары
• Құндылықтарға негізделген тәрбие беру
• Қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру
• Оқушылардың жауапкершілігін арттыру
 Құқықтық түсіндіру жұмыстары
• Құқықтық мәдениетті қалыптастыру
• Мектеп бітіру кештерін өткізу тәртібі
• Қолданыстағы нормативтік құжаттармен таныстыру
• Ата-аналар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жүргізу
 Жиналыс барысында ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және заң талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
 Қорытынды бөлімде ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
 Аталған іс-шара – бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы бірлескен жұмыстың маңызды көрінісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT