Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!

Өскелең ұрпақтың өмірі мен денсаулығын қорғау, білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру – бүгінгі күннің ең маңызды әрі өзекті міндеттерінің бірі.
Осы бағытта Индер ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Арсен Болатбекұлы Иманалиев аудан орталығы – Индербор кентіндегі Ш.Уалиханов атындағы орта мектебін аралап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жіті тексерді.
Тексеру барысында негізгі назар білім ордасының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне, мектептің өткізу режимінің қатаң сақталуына және бейнебақылау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне аударылды.
Ауданның бас полицейі А.Иманалиев білім беру нысандарындағы кез келген төтенше жағдайдың немесе бұзақылықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігін арттыру басты назарда екендігін жеткізді.
Бөлім бастығы мектеп басшыларымен кездесу барысында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тек техникалық жабдықтау ғана емес, сонымен қатар оқушылар арасында киберқауіпсіздік, буллинг пен құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізу қажеттігін баса айтты.
 
аудандық полиция бөлімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT