Азаматтық алу мәселесі оң шешімін тапты

Индер аудандық Отбасын қолдау орталығына 2026 жылдың сәуір айында Бөдене ауылының тұрғыны өтініш білдірді. Өтініш иесі – 2008 жылы тұрмысқа шыққан Өзбекстан Республикасының азаматы. Қазақстан Республикасында ықтиярхат негізінде құжаттанғанымен, осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алмағанын айтып, заңгерлік көмек сұраған болатын.

Аталған өтініш орталықта тіркеліп, тиісті тәртіппен Индер аудандық полиция бөліміне жолданды.

Орталық мамандары мен полиция бөлімінің көші-қон қызметі инспекторлары бірлесіп жұмыс жүргізіп, қажетті құқықтық және консультациялық қолдау көрсетті.

Нәтижесінде, екі ай мерзім ішінде өтініш иесі Қазақстан Республикасының азаматтығын алып, мәселе оң шешімін тапты.

Бұл – жергілікті мемлекеттік органдар мен Отбасын қолдау орталығының өзара тиімді ынтымақтастығының нақты нәтижесі.

Алдағы уақытта да аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету және қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыратын боламыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT