Ауылдар мен шағын қалаларды жаңғыртуға бағытталған бастамалар – ауыл халқы үшін өте маңызды әрі уақыт талабына сай қадам. Инфрақұрылымның жақсаруы, жолдардың жөнделуі, сапалы ауыз су мен тұрақты электр қуатының болуы ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырады. Сонымен қатар, ауылда жаңа жұмыс орындарының ашылуы жастардың қалаға көшіп кетуін азайтып, туған жерде еңбек етуіне мүмкіндік береді. Мемлекеттің бұл бағыттағы қолдауы ауылдың дамуына серпін беріп, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын нығайтады.
Г.Омарова
ауыл тұрғыны



