Мемлекет басшысының Жолдауында ауыл инфрақұрылымын дамыту, соның ішінде жол мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі – біз үшін өте маңызды. Ауылдағы жолдың жағдайы халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер етеді. Жақсы жол – балалардың мектепке қауіпсіз баруы, тұрғындардың дәрігерге уақытында жетуі және шаруаның ілгерілеуі үшін аса қажет.
Соңғы жылдары кейбір ауылішілік жолдар жөнделіп жатқанымен, әлі де шешімін күткен мәселелер бар. Жолдау аясында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады деп сенеміз.
Ауыл жолдары жақсарса, халықтың тұрмысы жеңілдеп, ауылдың дамуына үлкен серпін береді. Сондықтан бұл бастаманы ауыл тұрғындары зор үмітпен қабылдап отыр.
М.Изимов
аудан тұрғыны



