Президенттің Жолдау–2025 құжатында ауыл шаруашылығын дамыту, соның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдер – картоп пен пияз өндірісін тұрақты жолға қою маңызды басымдық ретінде айқындалды. Бұл дақылдар халықтың күнделікті тұтынуында ерекше орын алады, сондықтан олардың жеткілікті көлемде әрі қолжетімді бағамен өндірілуі – азық-түлік қауіпсіздігінің басты кепілі.
Жолдауда көрсетілгендей, фермерлерді қолдау, суару жүйелерін жаңғырту, заманауи сақтау қоймаларын салу және өнімді делдалсыз нарыққа шығару шаралары картоп пен пияз өндірісінің тиімділігін арттырады. Бұл өз кезегінде маусымаралық бағаның күрт өсуін болдырмай, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығына жасалып жатқан бұл қолдау шаралары ел экономикасының нығаюына, ауылдың дамуына және халықтың әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына оң әсер етеді.
ауыл тұрыны



