«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын сенбіліктердің маңызы зор.
Ортақ іске атсалысып, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіру арқылы ауылымыздың көркеюіне үлес қосамыз. Тазалықты сақтау – бір күндік міндет емес, баршамызға ортақ жауапкершілік. Сондықтан әр тұрғын өзі тұратын ортаның таза болуына бейжай қарамауы қажет.
Орынша Беккалиева
ауыл тұрғыны



