Индер ауданы полиция бөлімінде «Адал азамат» күніне байланысты,ІІО-ның ардагерлерімен және Тәлімгерлер кеңесінің мүшелерімен ұрпақтар сабақтастығы, ішкі істер органдарының қалыптасуы мен даму тарихын, қоғамда Қазақстан полициясының рөлі жөнінде жеке құраммен кездесу ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жас полицейлердің бойында патриоттық рухты, кәсіби жауапкершілікті және адал қызмет қағидаттарын қалыптастыру.



