Бүгін еліміз үшін тарихи күн болды. Өйткені Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жаңа Конституцияға қол қойды.
«Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар.
Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым.
Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық.
Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді!»
Бұл бәріміз үшін сүйінші жаңалық. Ақ түйенің қарны жарылғандай күн болды. Енді Халық Конституциясы халыққа қалтқысыз қызмет етуі тиіс. Сондай-ақ әрбір азамат Ата Заңымызды құрметтеуі қажет.
Қ.Кәрім,
"ҚР Білім беру ісінің үздігі"

