Ата Заңның жаңа жобасы : қоғамдық келісімге бастар жол

Жаңа Конституция жобасын талқылауға қатысу -азаматтық парызымыз!

Бүгін Конституциялық комиссия мүшелерінің ұсынысы және талдауы негізінде еліміздің Конституциясына енгізілетін  өзгерістер бойынша жасалған жаңа Конституция жобасы жарияланды. Бұл еліміздің дамуындағы жаңа кезеңнің талаптары мен өзгерістерін, қоғамның сапалық дамуын жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететін заң жобасы екені сөзсіз.

 Конституция әрбір қазақстандық үшін маңызды құжат. Сондықтан жарияланған жаңа Конституция жобасын талқылауға және ұсыныстар беруге белсенді қатысуға шақырамын. 

Конституциялық комиссия құрамы жобаны  азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан,  сарапшылардан түскен ұсыныстарды талдау арқылы ұсынып отыр. 
Комиссия мүшелері республиканың Ата Заңының барлық негізгі түзетулерін қарап,  Конституцияның барлық бөлімдеріне және 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84%-ын қамтуына байланысты Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу мәселесін алға тартты.

 Басты тұжырымдамалық өзгерістер - мемлекеттің адамға бағдарланғанын арттыруға, Қазақстан халқына тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды көрсетуге, республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT