Ата заңдағы басты құндылық -адам

Жаңа конституциялық заң жобасы еліміздің құқықтық жүйесін жетілдіруге және қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге бағытталған деп ойлаймын. Жаңа Конституцияның құндылықтары Жаңа Конституцияның өзегінде адам және оның қадір-қасиеті тұрады. Мемлекет әр азаматтың өмір сүру, білім алу, еңбек ету, сөз айту бостандығын қорғауды басты міндет санайды.

 

Мен жаңа Конституцияны қолдаймын, себебі ол адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтеді. Әр азаматтың қадір-қасиеті ең жоғары құндылық ретінде танылады. Заң алдында бәрі тең болуы - әділетті қоғам құрудың берік негізі. Жаңа Конституция билік пен халық арасындағы сенімді арттырып, ашықтық пен жауапкершілікті күшейтеді. Азаматтардың ел өміріне белсенді қатысуына жол ашады. Бұл-өз пікірін еркін білдіретін, әділдікке сенетін ұрпақ қалыптастыруға мүмкіндік. Сонымен қатар ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтып, тіл мен мәдениетке құрметті арттырады. Табиғатты қорғау, әлеуметтік әділеттілік сияқты құндылықтардың айқындалуы - болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің көрінісі. Сондықтан мен жаңа Конституцияны қолдаймын және оның еліміздің дамуына серпін беретініне сенемін.

 Оңдағанова Мөлдір

Сембекқызы

С.Сейфуллин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026