АТА-АНАЛАРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 14 қазанында аудан көлеміндегі С. Сейфуллин атындағы орта мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздігі, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол бермеу, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдердің алкогольдік ішімдіктер мен өзге де зиянды әдеттерден аулақ болуы, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану және интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану қажеттілігі айтылды.
 
Аудандық полиция бөлімі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT