Интернетте тауарды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзан ұсынатын хабарландыруларға сақ болған жөн. Алаяқтар төмен бағаны пайдаланып, азаматтарды қызықтырып, алдын ала төлем жасауға көндіреді.
Сондықтан тауар сатып алмас бұрын сатушы туралы ақпаратты тексеріп, күмәнді сілтемелерге өтпей, банк картасының деректері мен SMS-кодтарды ешкімге бермеу қажет. Қауіпсіздікке немқұрайлы қарамай, әр ұсынысқа сын көзбен қараған дұрыс.
А.Каукенова


