АРАҚ АЗДЫРАДЫ, АҚЫЛ ОЗДЫРАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «АЗАМАТТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУЫ – ДЕНІ САУ ҰЛТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТЫ» АТТЫ БАСТАМАСЫНДА ІШІМДІКСІЗ ҚОҒАМ ҚҰРУ АРҚЫЛЫ ДЕНІ САУ, ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ БАҚЫТТЫ, САЛАУАТТЫ ЕЛ БОЛАТЫНЫМЫЗДЫ ЖЕТКІЗДІ. БІРАҚ «АЩЫ СУҒА» ҚҰМАРЛЫҚТЫҢ САЛДАРЫНАН ЕЛІМІЗДЕ ОЙ РАН БОЛҒАН ОТБАСЫ, БАҚИЛЫҚ БОЛҒАНДАР МЕН МЕКЕНІ ТЕМІР ТОРҒА АЙНАЛҒАНДАР ҚАРАСЫ АЗАЯР ЕМЕС. СОҒАН ҚАРАМАСТАН БҰНДАЙ МЫ САЛДАР ТҰТЫНУШЫЛАРҒА САБАҚ БОЛМАЙ КЕЛЕДІ.

Қоғамдағы күрмеулі мәселенің бірі арақ-шараптан туындайтыны рас. Ішімдік ішудің адам денсаулығына, қоғамға келтірер зияны көп екендігін білсек те, оған деген сұраныс та азаймай отыр. Оған қоса азық-түлік дүкендерінде арақ сатылатыны аздай, соңғы кезде ауданымызда жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған алко маркеттер де жетіп артылады. Мәселен, аудан бойынша алкоголь өнімін са татын дүкендер мен алкомаркеттер саны 122 болса, соның 7-еуіалкомар кет. Осы жерде «алақандай аудан үшін бұл тым көп емес педеген ой қылаң береді. Алкоголь ішуденсаулықты құртып қана қоймай, абыройдан да айыра тын жол. Ішімдік ішіп, есінен айы рыла мас болып жүрген адамды ешкім құрмет тұтып, ақыл сұрамайды, жай ғана қатарда жүрген, бойында жаны бар демесең, ауыз толтырып тұлға деп айтуға келмейтін дәрежеге түседі. Сол үшін ащы суды ішпес бұрын өміріңізге тигізетін зиянын ойлаған абзал. Жаға ұстатарлығы, Қазақстан ішімдік ішуден 182 елдің ішінде 11 орында тұр. Демек елдегі адамдардың ба сым көпшілігі ішімдікке әуес деген сөз. Өкініштісі, олардың арасында жасөспірімдер де бар. Қоғамдық орындарда қылмыс пен құқық бұзушылық жағдайларының көпшілігі біз айтып отырған «ащы судың» кесірінен болатыны белгілі. Тәртіпті қадағалайтын полиция қызметкерлері де жыл басынан бері ау данда құқық бұзушылықтардың санын азайту мақсатында алкомаркеттерге түсінік жұмыстарын жүргізіп келеді және қоғамдық орындарда мас күйде болу фактілерінің жолын кесу полицияның өзекті міндеттерінің бірі деп есептейді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес алкогольді кез келген жерде 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға болмайды. Егер сатушы сатып алушының рұқсат етілген жасқа жетуіне күмәнданса, ол одан жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге міндетті. Ал сатып алушыда мұндай құжат болмаса, сатушы оны са тудан бас тартуы керек. Заң тұрғысынан айтар болсақ, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 440-бабында көрсетілгендей, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді сатуға жергілікті атқарушы орган рұқсат берген сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүргені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 18-ге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуіата-аналарына немесе оларды алма стыратын адамдарға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Егер азамат бірінші рет ұсталған жағдайда 18 465 теңге айыппұл салынса, екінші рет ұсталған жағдайда 10 күнге әкімшілік қамаққа жа былып, үш айға есепке алынады. Және әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Ғалымжан Жұмағалиевтің айтуынша, аудандық полиция бөлімінде күні бүгінге алкогольді шамадан тыс пайдаланушы лар есебінде 113 маскүнем тұр.

Ж.Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT