Алкогольді шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына ғана емес, қоғамдағы қауіпсіздікке де кері әсерін тигізеді. Ол жол-көлік оқиғаларының, тұрмыстық жанжалдардың, құқық бұзушылықтардың және жазатайым оқиғалардың орын алу қаупін арттырады.
Салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден бас тарту және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау – әр азаматтың маңызды таңдауы. Алкогольден аулақ болу – отбасының берекесін сақтап, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.



