Алдын алу ортақ міндет

 ҚАЗІРГІ ТАҢДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. Б Ұ Л І Н Д Е Т Қ О Ғ А М Н Ы Ң Д А М У Ы Н А К Е Д Е Р Г І КЕЛТІРІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕ­К Е Т К Е Д Е Г Е Н С Е Н І М І Н Е Н Ұ Қ С А Н К Е Л Т І Р Е Д І . СОНДЫҚТАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ, ОНЫҢ ПРОФИЛАКТИ­КАСЫН КҮШЕЙТУ – ӘРБІР МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАННЫҢ ЖӘНЕ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ. 

Ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп норма­ларын сақтауын қамтамасыз ету , мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ ашықтықпен жариялылық қағидаттарын кеңінен енгізу бағытында нақты шаралар қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі электронды форматқа көшіріліп, адами фактордың ықпалы барынша азайты­луда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі – құқықтық мәдениетті қалыптастыру. Осы мақсатта аудан көлемінде ақпараттық - түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Білім беру ұйымдарында, мемлекеттік мекемелерде және еңбек ұжымдарында арнайы кездесулер , семинарлармен « дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылуда. Бұл іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар қоғаммен кері байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде . Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын жедел қарау, ашық диалог алаңдарын ұйымдастыру – жергілікті атқарушы орган жұмысының маңызды бөлігі . Әрбір тұрғынның пікірі ескеріліп, заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін нақты шаралар қабылданады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік органдардың ғана емес , бүкіл қоғамның ортақ ісі . Осы орайда аудан тұрғындарын заң талапта­рын қатаң сақтауға, кез кел­ген құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырамын. Бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана біз әділ, ашық әрі дамыған қоғам қалыптастыра аламыз.

Серік НЫСАНБАЕВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT