АЛДЫМЕН – ҚАУІПСІЗДІК

Жазғы демалыс басталысымен балалардың лагерьлерге, сауықтыру орын­дарына және түрлі іс-шараларға ұйымдасқан түрде қатынауы көбейеді. Осыған байланысты Атырау қаласының полиция қызметкерлері балаларды тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Мамандар ұйымдастырушылар мен жүргізушілерге қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп, сапарлардың қауіпсіз әрі талапқа сай ұйымдастырылуының маңыздылығына назар аударуда.

Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі, полицияның аға капитаны Исатай Тұрсынғалиевтің айту­ынша, балаларды ұйымдасқан түрде тасымалдау барысында әрбір талаптың сақталуы қатаң бақылауда болады. «Балалардың өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық. Сондықтан көлік құралының техникалық жарамдылығы, жүргізушінің жауапкершілігі және тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі заң талаптарына толық сәйкес болуы тиіс. Бұл – әрбір ересек азаматтың ортақ міндеті», – дейді ол.

Полиция қызметкерлері ата-аналарды, білім беру ұйымдарын, тасымал­даушыларды және барлық жол қозғалысына қатысушыларды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады. Қауіпсіздік талаптарын бұлжытпай сақтау – жазғы демалыстың жайлы әрі қауіпсіз өтуінің басты кепілі.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT