Бүгінде интернет алаяқтығының түрі көбейіп, азаматтарға қауіп төндіріп отыр. Аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Ербатыр Камешовтың айтуынша, биыл 6 айда 13 алаяқтық қылмыс тіркеліп, оның 7-сі сотқа жолданған.
Алаяқтар көбіне банк қызметкері болып қоңырау шалып, жалған сілтемелер арқылы жеке деректерді иемденеді.
Полиция тұрғындарға күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, жеке деректерін ешкімге бермеуге, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Алаяқтардың арбауына түспеудің басты жолы – қырағылық пен цифрлық сауаттылық.
Ж.Нариманова


