Алаяқтардың қолданатын схемаларын дер кезінде байқауға болады. Интернеттегі алаяқтықтан сақтану үшін келесі ұсыныстарды ескерген жөн:
URL мекенжайын тексеру қажет – мысалы, ресми сайттың домені apple.com болса, алаяқтар appie.com сияқты ұқсас, бірақ жалған домендерді пайдаланады.
Асығыс шешім қабылдамаңыз – шұғыл әрекет етуді талап ету немесе уақыттың шектеулі екенін алға тарту алаяқтықтың негізгі белгілерінің бірі.
Apple ID деректерін, құпиясөздер мен растау кодтарын беруге болмайды – қолдау қызметі мұндай ақпаратты ешқашан сұрамайды.
Екі факторлы аутентификацияны қосу ұсынылады – бұл электрондық поштаға, банк сервистеріне, Apple ID-ге және мессенджерлерге қосымша қорғаныс береді.
Ақпаратты салқынқандылықпен бағалаңыз. Егер ешқандай ұтыс ойынына қатыспаған болсаңыз, жүлде ұтып алу туралы хабарламаға сенуге негіз жоқ. Сол сияқты бірнеше кезеңнен тұратын сұхбатсыз және ресми ұсыныссыз берілетін тым тартымды вакансиялар да күмән тудырады.
Алаяқтықтың алдын алу үшін техниканы тек ресми сатушылардан сатып алған дұрыс. Қазақстанда iSpace Apple Premium Partner мәртебесіне ие және тек түпнұсқа құрылғыларды ұсынады. Барлық гаджеттерге өндірушінің ресми кепілдігі беріледі, сондай-ақ кеңес алу, қызмет көрсету немесе жөндеу үшін авторизацияланған сервис орталығына жүгінуге болады.

