Қазіргі таңда алаяқтардың қулықтары күн санап өзгеруде. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін мына алтын ережелерді жадыңызда ұстаңыз:
Құпия кодтарды айтпаңыз: Банктен немесе полициядан қоңырау шалғандай болып, СМС-кодты немесе карта мәліметтерін сұраса — ешкімге сенбеңіз. Ресми мекемелер мұндай мәліметті ешқашан сұрамайды.
Күдікті сілтемелерді ашпаңыз: WhatsApp немесе пошта арқылы келген «Ұтыс ұтып алдыңыз», «Мемлекеттік жәрдемақы» немесе «Дауыс беріңіз» деген күмәнді сілтемелерге мүлдем өтпеңіз.
Алдын ала төлем жасамаңыз: Интернет арқылы (OLX, Instagram) тауар немесе пәтер жалдау кезінде, оны көзіңізбен көрмей тұрып ешқандай алдын ала төлем (предоплата) аудармаңыз.
Есіңізде болсын: Қандай да бір күдікті жағдай туындаса, бірден сөйлесуді тоқтатып, ресми байланыс нөмірлеріне өзіңіз хабарласыңыз.
Сақтықта қорлық жоқ! Жақындарыңызға ескерте жүріңіздер.



