Алаяқ айласын асырмасын

Бүгінгі таңда халықты толғандыратын мәселелердің бірі - интернет-алаяқтық.

       Ол бүкіл әлемде, соның ішінде ең технологиялық дамыған мемлекеттерде де кең таралған.

        Азаматтарға кредиттер мен қарыздарды ресімдеуге, сондай-ақ олардың банктік жинақтарын ұрлауға байланысты интернет-алаяқтықтың көпшілігін «шетелдік қылмыскерлер» жасайды. Олар жақын және алыс шет елдерде тұрақты орналасқан "Call-орталықтар" қағидаты бойынша жұмыс істейтін трансұлттық Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кіреді.

        Оларға қарсы тұру үшін елде «Киберпол» жобасы енгізілді. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды және барлық өңірлер бойынша масштабталды.

        Жоба аясында алаяқтар пайдаланатын ауыстырылатын нөмірлерден «шетелдік» қоңырауларды бұғаттау жүйесі сәтті енгізілді.  Бұл мұндай қосылыстардың 43 миллионнан астам әрекетін тоқтатуға мүмкіндік берді, нәтижесінде зардап шеккендердің саны 2,5 еседен астам азайды.

 

Ж.Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT