АҢҒАЛДАР ЖИІ АЛДАНАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ БЕСІНШІ ОТЫРЫСЫНДА: «БІЗДІҢ АЗАМАТТАРЫ МЫЗ АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛЫП ЖАТЫР. КӨПТЕГЕН АДАМ АДАЛ ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛУДА. АЛДАУҒА СЕНІП, ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚАРЖЫ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАҚПАНЫНА ТҮСІП ЖА ТЫР. ӘЛЕМДЕ ИММИГРАЦИЯЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚ ТА ҚАТТЫ УШЫҒЫП ТҰР. ЕУРОПА МЕН АҚШ-ТА НЕ БОЛЫП ЖАТҚАНЫН БАРШАҢЫЗ КӨРІП-БІЛІП ОТЫРСЫЗДАР. БҰЛ МӘСЕЛЕ БІЗДІҢ ЕЛІМІЗ ҮШІН ДЕ ӨЗЕКТІ. СЕБЕБІ УАҚЫТ ӨТКЕН САЙЫН ҚАЗАҚСТАН ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ ЖӘНЕ ТҰРАҚТАП ҚАЛУЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЕЛГЕ АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДА ШЕТЕЛДІКТЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ТҰРУЫН ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ЗАҢСЫЗ ҚҰЖАТ ӘПЕРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН АЛАЯҚТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСЫН ӘШКЕРЕЛЕДІ» ДЕП, АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА КЕШЕНДІ ӘРІ НАҚТЫ ШАРАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІ ТАПСЫРҒАН ЕДІ.

Неге десеңіз, елімізде алаяқтық тыйылмай тұр. Сандық технологияның тілін меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, алдап арбау әдіс-тәсілдері күн санап жүз құбылуда. Алаяқтық өзіміздің шағын ауданымызда да өршіп тұр. Көп жағдайда орын алатыны – интернет алаяқтығы. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: ин тернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Аудандық полиция бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, 2025 жылы – 7 қылмыс, 2024 жылы 16 қылмыс тіркеліп, алаяқтық қылмыстардың тіркелуі 56,3 пайызға төмендеген. Олардың ішінен 2025 жылы – 2, 2024 жылы 5 қылмыстық іс аяқталған. Мерзімі үзілгендер саны былтыр 6 қылмыстық іс болса, 2024 жылы 11 қылмыстық іс болған еді. Ал жыл басталғалы 2 қылмыстық іс тіркелген.

 

– Ауданымызда тіркелген алаяқтық қылмыстарына саралау жұмыстары интернет-алаяқтық құрбандарының 70%-ы – әйел, 50%-ы егде жастағы адамдар екенін көрсетті. Ендеше сақтану жолдарына тоқталып кетсем. Интернет алаяқтарының кезекті құрбаны болмас үшін, кез -келген өзіңізге таныс емес нөмір қоңырау шалып, сізге «Сіздің нөміріңіз бір ұтыста жеңімпаз атанды», «Сіздің банктық есепшотыңызға кибер-шабуыл болып жатыр, соның алдын-алу керек», «Сіздің, депозитіңіздегі жинақ ақшаңызға кибер-шабуыл болып жатыр», «Сіздің атыңыздан несие рәсімдеп жа тыр», «Кибершабуылдың алдын алу үшін банктік есепшоттағы немесе депозит жинағындағы жинақ ақшаны арнайы есепшотқа тездетіп аударуыңыз керек», «Бұл әлденеше банктің қауіпсіздік бөлімінен» деген қоңырауларға тап болсаңыз, дереу қоңырауды үзіп, олармен байланысудан бас тарту қажет.

Әрине, түрлі ақпарат айтылғанымен, барлығы да өзіңіздің сауаттылығыңызға бай ланысты. Алаяқтық қылмыстың алдын алу үшін алдымен адамның өзі сақтық танытқан жөн. «Сақтансан, сақтаймын» деген. Адам тек өзін өзі ғана алаяқтықтан аман алып қала алады. Алаяқтың арбауына берілмей, сергелдеңге түсуден сақтану өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Көрінген жарнаманың жетегіне ермей, дүниеқоңыздыққа салынбай, шындыққа тура қарап жүрген жөн.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026