Интернет алаяқтарының кең тараған тәсілдерінің бірі – банк қызметкері болып хабарласып, карта деректері мен SMS арқылы келген бір реттік кодты сұрау.
Мұндай жағдайда ешқандай құпия ақпаратты үшінші тұлғаға беруге болмайды. Егер күтпеген жерден бір реттік код келсе немесе күмәнді қоңырау түссе, дереу банктің ресми байланыс орталығына хабарласқан дұрыс. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қаржылық шығынның алдын алуға көмектеседі.
Н.Бекқалиев


