Адам құқығы-негізгі заң өзегі

Жаңа Конституция – Қазақстанның саяси және құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат. Бұл өзгерістер елдегі басқару үлгісін жетілдіріп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге негізделген. Конституцияда халықтың ерік-жігері мен мемлекеттің азамат алдындағы жауапкершілігі айқын көрініс тапты.


Құжатта адам құқықтары мен бостандықтары басты құндылық ретінде белгіленді. Әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігі және азаматтардың шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі кеңейтілді. Бұл өзгерістер қоғамдағы сенімді арттырып, азаматтық белсенділіктің дамуына жол ашады.
Жалпы алғанда, Жаңа Конституция елдің тұрақты дамуы мен демократиялық қоғам құру жолындағы маңызды қадам болып табылады. Ол Қазақстанның болашағына бағытталған, халықтың мүддесін қорғайтын және әділетті мемлекет қалыптастыруға негіз қалайды.

Нұрбол Ергалиев 
Индер аудандық мәслихатының депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026