Адам құқығы бәрінен биік

Сексуалдық зорлық-зомбылық – адам құқықтарына қарсы жасалатын ауыр қылмыстардың бірі. Ол адамның жыныстық еркіндігі мен ар-намысына қол сұғып, психологиялық және физикалық зардаптарға алып келеді. Әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған мұндай әрекеттер заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылады.

Бүгінде зорлық-зомбылықтың алдын алу – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Әрбір ата-ана баласының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, оларға дұрыс тәрбие мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіруі қажет. Сонымен қатар балаларға өз құқықтарын білуге және күмәнді жағдайларда сенімді ересектерден көмек сұрауға үйрету маңызды.

Зорлық-зомбылық – тек бір отбасының мәселесі емес, ол бүкіл қоғамның дерті. Сондықтан әр азамат заңды құрметтеп, адамгершілік құндылықтарды сақтап, мейірім мен сыйластықты басты орынға қоюы тиіс. Қауіпсіз қоғам құру – баршамызға ортақ міндет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT