«Таза орта» экологиялық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында әкімшілік аумақта абаттандыру қағидаларының сақталуына бақылау жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік мекемелердің аумақтары тексеріліп, елді мекендердің абаттандыру қағидалары мен санитариялық тазалық талаптарының сақталуы зерделенді.
Тексеру нәтижесінде абаттандыру қағидаларының талаптарын бұзуға жол берген жауапты тұлғалар анықталып, оларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Полиция қызметі азаматтар мен мекеме басшыларын өздеріне тиесілі аумақтарды таза ұстап, қоршаған ортаны қорғауға, елді мекендердің санитариялық тазалығы мен көркеюіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Табиғатты аялау мен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.


