«Абайлаңыз, жол!» тақырыбында жол қауіпсіздігі бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Индер АПБ-нің ҚҚб учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Өтеуов Ерұлан Саясатұлы және Индер АПБ ҚҚб ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Ғаббасов Айболат Қанатұлы қатысып, оқушыларға қауіпсіздік ережелері жөнінде маңызды түсініктер берді. Оқушыларға жолдан белгіленген жерден өту тәртібі көрсетіліп, оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған ала жолақтан дұрыс әрі қауіпсіз өту жолдары іс жүзінде көрсетілді.
Қауіпсіздік ережесін сақтайық
Жолда да, өмірде де абай болайық!
Балаларға жолдан қауіпсіз өту жолдары көрсетіліп, күнделікті өмірде жол ережесін қатаң сақтаудың маңыздылығы айтылды.



