15 наурыз-тарихи күн

Бұл – еліміздің тарихындағы аса маңызды әрі тағдырлы сәттердің бірі. Ақордада жаңа Конституцияға қол қойылуы – мемлекетіміздің дамуы мен жаңғыруының нақты көрінісі. Бұл қадам елдегі саяси жүйені жетілдіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтереді деп сенемін.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл шешімі – халықтың пікіріне сүйенген, ел болашағына бағытталған батыл әрі жауапты қадам. Әрбір өзгеріс – қоғам сұранысының нәтижесі, ал жаңа Конституция – сол сенімнің айқын дәлелі.
1 шілдеден бастап күшіне енетін бұл құжат еліміздің тұрақтылығы мен бірлігін нығайтып, даму бағытын айқындай түседі. Ал 15 наурыздың Конституция күні ретінде белгіленуі – осы тарихи күннің маңызын айшықтай түседі.
Біз үшін ең бастысы – бірлік пен тұрақтылық. Осындай маңызды кезеңде әр азамат ел болашағына бейжай қарамай, ортақ мақсат жолында біріге білуі керек. Жаңа Конституция – жарқын болашаққа бастайтын берік қадам!

Шманов Тілепқали

ауданның құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT