Индер ауданы аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған бағытта өзіме бекітілген Аққала орта мектебі, М. Сиранов атындағы орта мектебі және Ә. Кекілбаев атындағы орта мектептерінде оқушыларға «102» мобильді қосымшасын жүктеу және оны қауіпсіздік мақсатында пайдалану тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, сондай-ақ қандай да бір құқық бұзушылық немесе қауіп туындаған жағдайда тиісті органдарға дер кезінде хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
Мақсат – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.



