ЖІГІТТЕР ТОП ЖАРДЫ

Күні кеше Ақтау қаласында жауынгерлік самбодан 23 жасқа дейінгі жігіттер арасында Қазақстан чемпионаты тартысты өтті.

Әсіресе, атыраулық самбошылар 4 алтын, 1 күміс және 5 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Бізден соң кілем иесі Маңғыстау мен Қарағанды облысының самбошылары қалды. Ал біз үшін қуаныштысы, жеңімпаз облыс командасының құрамында 65 келіде индерлік Айбек Әбділов чемпион атанып, Қазақстанның спорт шебері атанса, осы салмақта белдескен жерлесіміз Шерхан Нұғмашев қола жүлдегер атанды. -Индер дзюдо мектебінен түлеп ұшқан шәкірттеріміз өздері жастайынан меңгерген спорт саласын кәсіп етіп үлкен өмірге қадам басуда. Қазақстан чемпионы атанған Айбек Әбділов биыл Алматыдан республикалық спорт колледжін аяқтаса, Шерхан Нұғмашев та былтыр Атыраудан спорт мамандығы бойыншы оқу орнын тамамдаған болатын, - дейді аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашев.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521