Жерлесіміз Майдан Батанов чемпион атанды

Белбеу күресі - Алтын Орда дәуірінен көшпенділер арасында кеңінен танымал болған жекпе-жек түрі деседі. Бүгінде де аталмыш күрес түрі Түркі халықтары арасында кеңінен тарауда.

Биыл Талдықорған қаласында өткен 23 жасқа дейінгі кезекті Қазақстан чемпионатында жерлесіміз Майдан Батанов чемпион атанды. Осылайша жерлесіміз былтырғы қоласын биыл алтынға ауыстырып, Қазақстан спорт шебері атанып отыр.

-Алдағы айда Қостанай қаласында өтетін ересек жігіттер арасындағы әлем чемпионатына іріктеу жарысына дайындықты ширатудамын, - дейді Майдан Батанов.

Айта кетейік жеңімпаз жерлесіміз Атырау қаласында көп салалы «Болашақ» колледжін тамамдап, аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінде бапкерлік қызмет атқаруда.

Әрі Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетінде спорт факультетінде білімін шыңдауда.

САЛАМАТ Б

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521