ЖАС ПАЛУАНДАР ЖАРАДЫ

Индерлік жас дзюдошылар күні кеше көршілес облыстағы жарыстан жүлдемен оралды.

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы Жетікөл ауылында Үдеров Тұралы Шайденұлының жүлдесі үшін болған бұл жарысқа бізбен қатар Атырау қаласы мен Ақтөбе облысының палуандары күш сынасқан екен. Аудандық балалар спорт мектебінің бапкері Азат Шайханов балғын шәкірттерінің татами төрінде қарсылас палуандармен көңілдегідей белдескенін атап өтті.

Индерліктерден Бакет Мадияр 1 орын алса, Қанат Заңғарбек күміс, Мәлік Асылхан мен Әділ Дамир қола жүлдені қанағат тұтыпты.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521