Сырбаз «Жылдың үздік балуаны» атанды

Жерлесіміз индерлік Сырбаз Талғат Қазақстан бойынша еркін күрестен жастар арасында жыл үздігі танылды.

Ешкімге есе жібермей ауданның, облыстың, сонымен қатар еліміздің абыройын асқақтатып, көк Туын желбіретіп жүрген ұлан биылдың өзінде бірнеше биік белестерді бағындырды.

Айта кетсек,

-Жастар арасында Азия чемпионы;

- Жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері;

- Италияда өткен жастар арасындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы;

- Түркияда өткен "Champions" турнирінің қола жүлдегері;

- Жастар арасында және U-23 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпионы;

- Ересектер арасында Ж. Усин атындағы турнирдің жеңімпазы.

Сондай-ақ, өткен жылы да ол «Үздік жас спортшы-2018» атағын иеленген болатын.

z

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521