Садақ тартып, саңлаққа айнал

 Ежелден ішкі-сыртқы жауымен арпалысып, жалпақ даласын ашкөздерден қорғау жолында түрлі қорғаныс қаруын жіті меңгерген қазақ халқы үшін садақ тарту не тәйірі, таңсық болып па?! Десек те осы бейбіт шақта да аса пайдалы жастарды мергендікке баулитын спорттың осы бір түрін, әсіресе, ауылдық жерде дамыту өте сирек іске айналғалы қашан.

Жақында Индер балалар-жасөсіпірімдер спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев бір кездескенде биылы спорттың олимпиадалық түрі садақ ату мен пистолеттен шәкірт тәрбиелеу бағытында ауданға құрал-жабдықтарда алынбақшы болып жатқанын айтқанында ерекше құптадық. Оның үстіне жаттықтыратын маманы да бар болып шықты.

Жасыратыны жоқ, ауыл баласына өте қолайлы әрі садақ атудан Тәуелсіздік 28 жылдығында Қазақстан олимпиадалық ойындарда жеңіске жетпек түгілі ақырға сайыстарға да жете алмай жүргеніне налушы едік. Енді осы іске шәкірттерді кішкене кезінен дайындау қолға алынса, бұл бағытта жетістікке жетуге әбден-ақ болатыны ақиқат. Тек ынта-жігер болсын дейік.

Ал мергендік ежелден қазақтың сүйегіне сіңген қасиет екенін айтып жатудың өзі артық. Ендеше садақ тартып, саңлаққа айналыңдар, балалар.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521