ҚҰРЛЫҚТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

 Атырауда парадзюдодан Азия және мұхит елдері чемпионаты мәресіне жетіп, Қазақстан ұлттық құрамасы тарихымызда тұңғыш рет құрлық жеңімпазы атанды.

Ұлттық құраманың негізін атыраулық спортшылар қорғаса, оның ішінде индерлік жерлестеріміз Ерлан Өтепов пен Темірболат Тәшекенов те табысты өнер көрсетіп, жеңіске лайықты үлестерін қосты.

Ал жекелей сайыстарда 100 келіде белдескен Ерлан Өтепов қола жүлдені жеңіп алды. Бұл қуанышты хабарды бізге аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашев құрлықтық дода барысынан хабарлады.

paro2

- Ерлан шәкіртіміз жас күнінде дзюдо күресінен Темірболат бапкерінен тәлім алған болса, бүгінгі жарыста екеуі де еліміздің намысын қорғады. Ерлан қазір де шеберлігін шыңдап, жақсы тәжірибе жинақтап келеді. Жақын күндері палуандар Ақтөбе қаласында өтетін еліміздің параолипиадасына және Т.Тәшекенов Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін Гранпри жарысына қатысатын болады,- дейді бапкер.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521