Колледжі көпті басып озды

Атырау қаласында 19-26 желтоқсан аралығында білім беру ұйымдарының колледж педагог қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы өтті.

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға облыс коледжілерімен қатар Назарбаев зияткерлік мектебі мен АРЕС Петротехник жоғары колледжі, яғни барлығы 13 оқу орнынан командалар қатысты.

dop

Спорттың 6 түрінен сынға түскен сайыста аудандық Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі ұжымы да бақ сынап, жоғары дәрежедегі шеберіктерін, шапшаңдықтарын көрсетіп, өзгелерден мықтылығын танытты.

Нәтижесінде гандболдан ІІ, волейбодан ІІ, баскетболдан ІІ, шахматтан ІІ, тоғызқұмалақтан І орын алып, жалпы командалық есеппен І орынды қанжығалады. Аудан намысын қорғаған колледжі педагогтары Б.Абенов, А.Халықов, Е.Абылхатиев, Н.Салахадинов, Е.Утеуов, А.Жанғалиев, Б.Мырзахметова, А.Құнасова, А.Жалғасова, Г.Әжігереева, Р.Ғазизов, Г.Абенова, А.Масалимоваға еңбекте табысты болып, әрқашан биіктен көріне берсін деп тілек етеміз.

5855

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521