Хабиб Қазақстанға келеді

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатына келеді, деп жазады Prosports.kz.

Хабибтің әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедов Қазақстан астанасына келіп қойған. Чемпионның өзі ертең, 18 қыркүйекте «Барыс Аренаға» құрметті қонақ ретінде келеді деп күтілуде.

Еске сала кетелік, Нұр-Сұлтанда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир 22 қыркүйек күні аяқталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521