Боз кілемде белдесті

Алғыс айту күніне арналған еркін күрестен аудандық ашық турнир Бөдене ауылында өтті.

Жарыстың салтанатты рәсімін округ әкімі Ж.Ғизатов және аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Бисенбаев пен спорт мектебінің директоры М.Биғамбаев ашты.

Осы ауылдың спорт саласын көтеруге атсалысып жүрген азаматтары - А.Мусағалиев, Н.Хасанғалиев С.Аймағанбетов.Т.Ізмұхановке алғыс хаттар табыс етті. Жарыс қорытындысы бойынша Махамбет Тұрар, Расул Наурызбеков, Фархат Орақұлы, Ибрахим Абзалұлы, Бірлік Алмасұлы, Ерасыл Болатов, Әнуар Құспанов, Үмітжан Мадияр, Жұбанғали Әділхан, Өрбісін Жанарыс, Сырым Сайлауов, Серік Рахман өз салмақтарында топ жарып, жеңімпаз атанды.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521