БОЗ КІЛЕМДЕ БАЛДЫРҒАНДАР АТОЙ САЛДЫ

Аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде екі күн бойы «Қазақстан Республикасы денешынықтыру мен спорт саласының үздігі» Мәлік Биғамбаевтың жүлдесі үшін еркін күрестен 2006-2008 жылы туған ұландар арасындағы республикалық ашық турнир өте тартысты өтті.

Өйткені, оған Іле Алатауының іргесіндегі айырқалпақты қырғыз, өзбек және Жамбыл облысындағы ағайындар мен бергісі Ресейдің Қап тауындағы дағыстан, шешен және татар халқы өкілдері, Ақ Жайық, өзіміздің Атырау, Мақат, Құрманғазы, Индер ауданы балуандары белдесіп, намыстарын айға біледі.

glavn1

Ал балуандар сайысы салтанатты жағдайда ашылып, аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов пен даңқты боксшы Серік Нұрқазов, қонақтар Ерген Елеусізұлы, Атырау еркін күрес федерациясының төрағасы Саламат Шыныбеков, Ержан Андашев, Ахмет Цадаев, Жасұлан Күнбатыров, КСРО сопрт шебері С.Б.Елисеев, тағы басқалар жыл лебіздерін арнап, сыйлықтарын ұсынды.

g

glavn74

Сонымен белдесулер қорытындысы бойынша 25 кг-да Өрбісін Жанарыс (Индер-Бөдене), 28 кг.алтын Алиев Нұрислам, 30 кг.алтын-Мұхаммад Демешов, 32 кг.алтын-Рамзан Даудаев, 35 кг.алтын-Бекнұр Қойшыбай, 41 кг.алтын-Дауд Даудаев, 55 кг.алтын-Әден Сахыбаев (Қырғызстан), 61 кг.алтын-Жалғас Сансызбай жеңімпаз атанды.

glavn744

Жарыс соңында барлық жаттықтырушыларға да арнайы аудан әкімі М.Қалауидің қолы қойылған Алғыс хаттар табыс етіліп, оларға да ризашылық білдірілді.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521