Бөденелік балуандар ерледі

Таяуда Құлсары қаласында еркін күрестен ауыл жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Ауыл балаларын спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қазақстанның 16 облысынан 2002-2004 жылғы жасөспірімдер қатысып, өзара мықтыны анықтады. 250-ге жуық спортшылар бақ таластырған сайыста Атырау облысы құрамасы сапындағы ауданымыздың үш палуанның екеуі жүлделі оралды. Олар бөденелік 48 кг салмақта Нұрлыхан Аманғалиев күміс, ал 60 кг салмақта Арслан Самихов қола жүлдегер атанды. Балуандарды баптап бәйгеге қосқан жаттықтырушысы бөденелік еркін күресі үйірмесінің аға жаттықтырушысы Нұрбек Аманов. Айта кетейік, жалпы командалык есепте облыс құрамасы бірінші орынды иеленді.

Д.ҚАБИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521